Сардар Салами: Біз теңіз күштерінің аумағын кеңейтіп жатырмыз
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Біз теңіз күштерінің аумағын кеңейтіп жатырмыз»,- деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Генерал-майор Хұсейн Салами сейсенбі күні Қарулы күштердің 12-ші Мәлік Аштар фестивалі аясында: «Әскери-теңіз тұрғысында біз көбі теңізде шоғырланған алпауыт державаларға қарсы күресу үшін теңіз күштері саласында кеңейіп жатырмыз»,- деді. Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы барлық салада қорғаныс күшінің дамуының куә болып отырғанымызды қуаттап: «Құрлық күштері шекарадан өтіп, қауіпсіздік пен құдыретті орнатып, құрлықтаы қорғаныс күштерінің шынайы дамуын көрсетуде. Біз ақпараттық соғыс саласында жақсы жетістіктерге жеттік»,- деп мәлімдеді.