Теһран-Ашхабад қарым-қатынасын кеңейту мүмкіндік қазіргі деңгейден әлдеқайда жоғары
ИИР Президенті сейсенбі күні Теһранда Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуінде екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының екіжақты қарым-қатынастар деңгейін одан әрі кеңейтуге деген шынайы ерік-жігеріне тоқтала отырып: «Екіжақты қарым-қатынастарды нығайту Иран мен Түркіменстанның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін сындарлы аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа себеп болуы мүмкін»,- деді.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бұл кездесуде Түрікменстанның ынтымақтастығын және Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүшелігін қолдауын жоғары бағалай отырып: «Саяси және экономикалық қарым-қатынастардан бөлек, Иран-Түркіменстан қарым-қатынастары екі халық арасындағы шынайы және наным-сенім мүдделерден бастау алады және бұл қарым-қатынастардың деңгейі күннен-күнге артуы керек»,- деп мәлімдеді.
Рашид Мередов бұл кездесуде: «Біз Иранды бауырлас әрі дос ел ретінде қарастырамыз және әртүрлі салаларда, соның ішінде мұнай, газ, көлік және сауда салаларындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастық деңгейін арттыруға талпынудамыз», - деді.