Тахтраванчи АҚШ-тың Халықаралық сот шешімдерін орындамағаны үшін өкініш білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i56264-Тахтраванчи_АҚШ_тың_Халықаралық_сот_шешімдерін_орындамағаны_үшін_өкініш_білдірді
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Халықаралық соттың қайшылықтарды бейбіт жолмен шешудегі маңызды рөлін қуаттап, АҚШ-тың Халықаралық сот шешімдерін орындамағаны үшін өкініш білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 29, 2021 19:10 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи АҚШ-тың Халықаралық сот шешімдерін орындамағаны үшін өкініш білдірді

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Халықаралық соттың қайшылықтарды бейбіт жолмен шешудегі маңызды рөлін қуаттап, АҚШ-тың Халықаралық сот шешімдерін орындамағаны үшін өкініш білдірді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Маджид Тахтраванчи бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында Халықаралық сотта сөйлеген сөзінде: «ИИР халықаралық соттың дауларды бейбіт жолмен шешу арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алу және дағдарыстарды азайтудағы рөлін маңызды санайды және сот халықаралық тәртіпті қорғау және біржақты әрекеттерге қарсы тұру арқылы заң үстемдігін нығайтады»,- деді. Тахтраванчи Халықаралық сотта жалғасып жатқан екі ирандық іске сілтеме жасай отырып: «АҚШ-та халықаралық құқықты анық бұзатын көптеген атқарушы заңдар мен ережелердің қабылданғанын ескере отырып, АҚШ соттарында Иран үкіметінің қолсұқпаушылық құқығы ескерілмеген»,- деп сөзін жалғады.