Иран мен Қытайдың сенімді серіктес ретіндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастығы
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Иран мен Қытай сенімді серіктестер ретінде АҚШ-тың біржақты санкцияларының заңсыздығы және халықаралық қарым-қатынастардағы заң үстемдігінің маңыздылығы жөнінде ортақ ұстанымға ие»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Әли Бақеру Кани мен Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюй телефон арқылы сөйлесіп, Иранның жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкцияларды алып тастау және олардың қайталанбауын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялары мен барынша қысым көрсетуі бұл ел мен Қытай экономикалық қатынастарын әсерін тигізген және энергетика, банк ісі сияқты салаларда біраз қиындықтар туғызғанымен Иран мен Қытай басшыларының үздіксіз кеңесулері және екі елдің көптеген аймақтық және халықаралық мәселелердегі ортақ ұстанымы, соның ішінде АҚШ-тың аймақтағы заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсетуі Иран мен Қытайдың екіжақты және жан-жақты ынтымақтастықтарының жалғасуының белгісі. Осыған байланысты ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Қытай Сыртқы істер министрі Ван И 15 қазанда екі елдің 25 жылдық стратегиялық келісімді орындауға ынтасын қуаттап, халықаралық әділеттілікті қорғауда ынтымақтастыққа шақырды. Иран мен Қытай арасындағы тарихи қарым-қатынастардың көне болуына қарамастан, Ирандағы Ислам революциясының жеңісінен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа тарауы басталды. Бірқатар халықаралық, аймақтық және ішкі оқиғалар Иранды сыртқы саясаттағы басымдықтардың бірі ретінде «шығысқа көзқарас» саясатын жариялауға және Үндістан, Ресей, Қытай сияқты елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге әкелді. Қытай қазіргі уақытта Иранға электронды, химиялық және өнеркәсіптік жабдықтардың ең ірі жіберушісі болып табылады. Иран Қытайға негізгі мұнай экспорттаушылардың бірі болып табылады және Иранның мұнай импорты Қытайдың жалпы мұнай импортының шамамен 6,5 пайызын құрайды. Шын мәнінде Иран мен Қытайдың энергетика саласында мүдделері ұқсас. Мұнай мен газ сияқты энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету Қытайдың экономикалық дамуы үшін өте маңызды және Иран Қытайдың бұл қажеттіліктерін тұрақты қамтамасызетуші бола алады. Қытай Сауда министрлігінің мәліметі бойынша, тек 2019 жылы қытайлық компаниялар Иранға инвестиция салу үшін 3,41 миллиард долларлық келісім-шарттарға қол қойған. Иран мен Қытай да 2021 жылдың наурыз айында 25 жылдық жан-жақты ынтымақтастық жобаға қол қойды. Оны екі ел қарым-қатынасындағы серпілістің шыңы деп атауға болады. Бұл құжат екі елдің саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық жолын белгілейді.