Сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері американдық кеменің ұрлығына қарсы уақтылы әрекеттенді
Ислам революциясы Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің дер әрекеті АҚШ кемесінің мұнайды ұрлау әрекетін сәтсіздікке ұшыратты.
Al-Alam ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясы Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қаһармандары дер кезінде және беделді түрде Парсы шығанағы суларында америкалық кеменің танкерден мұнай ұрлау әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл әрекетте америкалық кеме Оман теңізінің суларында Иранның экспорттық мұнайын тасымалдайтын танкерді тәркілеп, мұнайды басқа танкерге ауыстырып, оны белгісіз бағытқа бұрып жіберді. Бір мезгілде Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қаһармандары «Галибурн» операциясын жүргізіп, танкерді қайтарып, Иранның аумақтық суларына бағыттады. Содан кейін АҚШ күштері бірнеше тікұшақ пен әскери кемені пайдаланып, танкерді қудалады. Бірақ Сақшылар корпусы күштерінің әрекеті оларды тоқтатты. Америкалық күштер тағы бірнеше әскери кемені пайдаланып, танкердің жолын жабуға тырысты, бірақ тағы да сәтсіздікке ұшырады. Бұл танкер осы кезде Иранның суларында.