Қар 05, 2021 18:07 Asia/Almaty
  • Коронавирусқа қарсы вакцинаның 81-ші партиясы Иранға жеткізілді

Иран Кеден басқармасы басшысының техникалық істер жөніндегі орынбасары коронавирусқа қарсы вакцинаның 81-ші партиясының елге жеткізілгенін хабарлады.

Меһрдад Джамал Арунаки бейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігіне берген сұхбатында: "Ресейдің "Спутник V" вакцинасының 777600 дозасынан тұратын  81-ші партиясы Иранға әкелінді",-деді.

Арунакидің айтуынша, бұл партия елге импортталған соңғы партия болмақ. Енді вакцина әкелінбейді.

Шетелдік вакциналармен қоса, Иранда жалпы вакцинация отандық вакциналармен де жүргізіліп жатыр.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, осы күнге дейін елде 90 млн-нан аса вакцина дозасы салынды.  

Тегтер