Иран армиясының Теңіз және Құрлық күштері Мекран жағалауында бірлескен жаттығу өткізді
ИИР армиясының Теңіз және Құрлық күштерінің әскерилері бірлесе отырып шартты дұшпанның жағалауына парашютпен түсіп, құрал-жабдықтарды түсіріп, көпірді басып алып, белгіленген нысанаға қарай жүру амалдарын атқарды.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл кезеңде Теңіз күштерінің мылтықшылары мен десанттары Құрлық күштерінің бөлімшелерімен бірге шартты дұшпанның құрлықтағы бөлімшелеріне тұтқиылдан тап беріп, елдің оңтүстігіндегі жағалауда алдын ала белгіленген нысаналарға шабуыл жасады.
Иран армиясының "Зульфақар-1400" бірлескен әскери жаттығуы бүгін, жексенбі күні "Я, Расулолла" деген ұранмен Құрлық күштерінің жаяу әскері, сауытты және механикалық бөлімшелері, әуе-қорғаныс күштерінің қорғаныс кешендері, Теңіз күштерінің кемелері мен сүңгуір қайықтары, Әуе күштерінің қырғи ұшақтары және ұшқышсыз ұшақтарының қатысуымен елдің оңтүстігіндегі Мекран жағалауында басталды.