«Зульфақар-1400» әскери жаттығуының маңыздылығы
ИИР армиясының «Зульфақар-1400» атты бірлескен әскери жаттығуы жексенбі күні «Я, Расулолла» ұранымен басталды.
Иранның оңтүстігіндегі Мекран жағалауында басталған бұл жаттығуға Құрлық күштерінің жаяу әскері, сауытты және механикалық бөлімшелері, әуе-қорғаныс күштерінің қорғаныс кешендері, Теңіз күштерінің кемелері мен сүңгуір қайықтары, Әуе күштерінің қырғи ұшақтары және ұшқышсыз ұшақтары қатысып жатыр.
Әскери жаттығудың маңыздылығына меңзейтін бірінші жайт мынау: Иран аймақтағы әскери салада мықты ел ретінде стратегиялық мақсаттарға ие. Ол өзі мен шекарасының қауіпсіздігінің қамтамасыз ету және дұшпандардың кез келген қоқан-лоққысы мен басқыншылығына жауап беру үшін тежегіш деңгейде жауынгерлік дайындыққа ие болуы тиіс.
Әскери жаттығудың ақпараттық өкілі осы жайтқа тоқталып: «Дұшпандарға ИИР мен оның шекараларына қатысты жаңсақ ойлаудан сақ болу қажеттігі ескертілді»,-деді.
Әскери жаттығудың маңыздылығына меңзейтін екінші жайт – оның Мекран жағалауында өтуі. Бұл өңір аймақтың қауіпсіздігін сақтау тұрғысынан айрықша маңызды.
ИИР ең маңызды халықаралық су өткелдері ретіндегі Оман теңізі, Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағының қауіпсіздігін сақтауға зор маңыздылық беретінін әрдайым айтып келеді.
Иран бұл салада аймақ қауіпсіздігі аймақ елдері тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс деген позиция ұстанады. Өйткені аймақ елдері бір-бірімен әріптесе отырып, өздерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Тәжірибе көрсеткендей, АҚШ сияқты елдердің болуы қауіпсіздік орнатудың орнына аймақта тынышсыздық тудырады.
Әскери жаттығудың маңыздылығына меңзейтін үшінші жайт – дамыған қару-жарақтар, соның ішінде түрлі ұшқышсыз ұшақтар, әуе-қорғаныс кешендері және басқа да отандық құралдарды қолдану. Жаттығу барысында Иран армиясы теңіз күштерінің «Симорғ» атты отандық ұшқышсыз ұшағы алыс қашықтықта жүзіп жүрген нысананы ел ішінде жасалған қашықтан басқарылатын бомбалардың көмегімен жойып жіберді.
Ұлыбританияның қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институтының мәлімдеуінше, Иранның қорғаныс саласындағы жетістіктерін толыққанды техникалық революция деп санауға болады.
Қорытындылай келгенде, «Зульфақар-1400» әскери жаттығуының маңыздылығы мынада: Иранда жоғары деңгейде әскери жаттығулар өткізу шын мәнінде елдің дұшпандардың қоқан-лоққылары мен шабуылдарына төтеп беру қуатын көрсетеді. Осы тұрғыдан аталмыш жаттығу дұшпандарға ескерту және аймақта ұжымдық қауіпсіздік қалыптасуы қажеттігін баса айту болып табылады.