«Сатис» танкері босатылды
(last modified Wed, 10 Nov 2021 12:23:48 GMT )
Қар 10, 2021 18:23 Asia/Almaty

Тәркіленген «Сатис» мұнай танкері ИИР-ның мұнайын ағызғаннан кейін сот шешімімен босатылды.

 

3 қарашада  Оман теңізіндегі Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштері АҚШ кемелерінің қолдауымен Иран мұнайын ұрламақ болған бұл танкерді басып алды. Сақшылар корпусы бас қолбасшысы әскери-теңіз күштерінің Иран мұнайының ұрлануының алдын алу әрекетін жоғары бағалады. Ол: «Теңіздегі бетпе-бет келу жағдайдағы Сақшылар корпусы күштері мен америкалықтардың сапасы мен орналасуы әлем жақсы түсінетін мәселе және оны талдай отырып, Сақшылар корпусы күшіне одан сайын көздері жетеді»,- деді.