Раиси Путинмен телефон арқылы сөйлесті
ИИР Президенті Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесуінде: «Біз Иран халқына қарсы барлық санкциялардың жойылуы үшін ядролық келіссөздерге шынайы қараймыз»,- деп баса айтты.
Иран Президенттінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні Владимир Путиннің телефон қоңырауына ризашылығын білдіріп: «ИИР еркі Ресеймен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту»,- деп мәлімдеді. Раиси Ауғанстандағы оқиғаларға тоқталып: «ДАИШ-тің Ауғанстанда болуын аймақ пен осы ел үшін қауіпті деп санаймыз және бұл қастандықтың қауіп-қатерлерін білуіміз керек»,- деді.
Путин екі елдің аймақтық мәселелер, әсіресе Сириядағы ынтымақтастығына тоқталып: «Бірге жұмыс жасау арқылы Сирияның тәуелсіздігін сақтап, осы елдегі лаңкестік ошақты жойып жібердік» деді.