Каземи Қуми: Иран Ауғанстанды құруға дайын
(last modified Wed, 17 Nov 2021 12:27:00 GMT )
Қар 17, 2021 18:27 Asia/Almaty

Иранның Ауғанстан істері жөніндегі өкілі Ауғанстанның бай табиғи ресурстарға ие ел екенін атап, Иранның Ауғанстанды құруға дайын екенін қуаттады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Каземи Қуми сәрсенбі күні Кабулда Иран мен Талибан делегацияларының бірлескен отырысында: «Иран осы елде зауыттар мен өнеркәсіптер салу және пайдалану үшін Ауғанстанға қызмет көрсету, техникалық және инженерлік қамтамасыз етуге дайын»,- деді. Иранның Ауғанстан істері жөніндегі өкілі басқалардың Ауғанстанға өз мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік бермегеніне тоқталып: «Жаңа жағдайда Ауғанстанның бай әлеуеті дамиды және ИИР осы мақсатқа жету үшін барын салады. Иран делегациясының Кабулда болуы жаңа жағдайда Ауғанстан проблемаларының бір бөлігін Талибанмен қалай бірлесіп шешуге болатындығына байланысты»,- деді.