Қар 20, 2021 22:30 Asia/Almaty
  • Теһранда «Отаным, саған жаным құрбан!» атты музыкалық альбомның тұсаукесері өтті

ECO Мәдени институтында «Данг-Данг Кубан» мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Отаным, саған жаным құрбан!» атты музыкалық альбомның тұсаукесері өтті.

«Данг-Данг Кубан» мәдени орталығы 2021 жылы 14 қазанда ECO Мәдени институтымен әріптесе отырып, осы институттың дипломатиялық залында «Отаным, саған жаным құрбан!» атты музыкалық альбомның тұсаукесерін өткізді.

«Жаңа үміт» музыкалық тобы

 

Рәсімде ECO Мәдени институтының басшысы профессор Сарвар Бахти, «Данг-Данг Кубан» мәдени орталығының жауапты директоры Шаһаб Қасеми, альбомның композиторы әрі ақын Үміт Доварзани, әнші Резаи Пайвар, Рей қаласы әкімшілігінің Мәдениет және исламдық бағдар департаментінің директоры Сафави, ирандық музыка ұстазы Фазл Джамшиди, ирандық музыкант Беһранг Маджиди, ирандық әнші Парваз Һұмай, музыка зерттеушісі әрі ақын Аббас Саджади сөз сөйледі.

Рәсімге ECO басшысының экономикалық істер жөніндегі орынбасары, Қазақстанның Ирандағы елшілігінің кеңесшісі, Тәжікстанның Ирандағы елшісінің орынбасары және Иранның көрнекті саяси және мәдени тұлғалары қатысты.

Тұсаукесер рәсімі

 

«Данг-Данг Кубан» мәдени орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Отаным, саған жаным құрбан!» альбомы – Иранның дәстүрлі музыкалық туындыларының жиынтығы. Туындыларды орындаған – «Жаңа үміт» музыкалық тобы. Топ жетекшісі, композитор әрі өлең авторы – Үміт Доварзани. Әнші – ұстаз Реза Резаи Пайвар.

Альбомға енген туындылар 20 ғасырдың 80 жылдарындағы Мұхаммедреза Лотфи, Парвиз Мешкатиан және Хұсейн Әлизаде шығарған маңызды эпикалық туындыларды еске салады. Альбомның басты мақсаты тыңдармандарды Отанды сүюге, оған қызмет етуге ынталандыру болып табылады.

«Отаным, саған жаным құрбан!» музыкалық альбомы

 

Тегтер