Қар 23, 2021 17:56 Asia/Almaty
  • Ислами: Иран өзінің ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға бел байлауда

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директорымен бірлескен баспасөз отырысында, Иранның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға бел байлағанын қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Ислами  бүгін,  сейсенбі күні Рафаэль Гроссимен бірлескен баспасөз отырысында: «Иранның ядролық бағдарламасында ешқандай ауытқу жоқ, Иран келісімдер мен ережелерге сәйкес ядролық қызметін жүзеге асыруда. Түрлі секторларда ядролық технологияның барлық аспектілерін пайдалана білу күн тәртібінде және бұл мәселеде Агенттік Иранға көмектесетін болады»,- деді.

Гросси  Иран Атом қуаты ұйымы басшысының шақыруы мен қонақжайлылығын жоғары бағалап: «Өткізген келіссөздер өте қарқынды болды және біз жұмыс пен қарым-қатынастарды жалғастыру мен ортақ тіл табуға талпынудамыз»,- деді.

 

Тегтер