Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қар 29, 2021 21:35 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Өткен тәулікте елде 82 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 129711 адамға жетті",- деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 4310 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 645-і ауруханаға жатқызылды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6113192 адамға жетті.
Иранда осы күнге дейін 5873441 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер