Қар 30, 2021 01:21 Asia/Almaty
  • Адмирал Ирани: Иранның Теңіз күштері өз қарауындағы теңіз аумағында кез келген қоқан-лоққыға бар күш-қуатымен жауап береді

ИИР армиясының Теңіз күштерінің қолбасшысы: "Иранның Теңіз күштері өз қарауындағы теңіз аумағында кез келген қоқан-лоққыға бар күш-қуатымен жауап береді",-деді. 

Iran Press агенттігінің хабарлауынша, адмирал Шахрам Ирани жексенбі күні кешке Теңіз күштері күніне орай Иран Телерадио бірлестігінің əлемдік қызмет торабына қарасты Sahar арнасына берген сұхбатында теңіз күштерінің қорғаныс жəне тежегіш қуатына тоқталып: "Иранның Теңіз күштері уақыт пен кеңістік сəйкес қоқан-лоққыларға реакция білдіреді",-деді.Адмирал Ирани осы стратегияны түсіндіре келіп: "Иран ең қысқа уақыт пен ең кең аумақта дұшпанға қарсы тұрып, жағдайды бақылауға алып, тыныштандыра алады",-деді.

Адмирал Ирани: "Иран түрлі сүңгуір қайық, əскери кеме мен катерлер жасау қабілетіне ие болғандықтан жəне əуе күштерінің белсенді қолдауының арқасында теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өзінің танкерлері мен кемелерін алып жүреді",-деді.

Тегтер