Қар 30, 2021 14:49 Asia/Almaty
  • Иран мен Франция президенттері телефон арқылы сөйлесті

ИИР Президент дүйсенбі кешке франциялық әріптесі Эмануэль Макронмен 4+1 тобы және Еуроодақ арасындағы Иранның ядролық келіссөздерін талқылады.

Бір жарым сағатқа созылған бұл сұхбатта екі тарап Иран мен Францияның екіжақты мәселелері және Иран мен батыс үкіметтерінің Венада өтіп жатқан ядролық тақырыпқа қатысты келіссөздері туралы пікір алмасты.

4+1 тобының жоғары лауазымды дипломаттары, Еуроодақ пен ИИР-ның өкілдері арасындағы санкцияларды жою туралы Вена келіссөздерінің бірінші күні дүйсенбі күні өтті. Дүйсенбі күнгі отырыста ирандық делегация Иран халқына қарсы санкцияларды жою мәселесіне шынайы шоғырлану мақсатпен құқықтық-экономикалық құраммен қатысты.

 

Тегтер