Ислам революциясының жетекшісі: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар Саддамның қылмыстарына демеушілік жасады
(last modified Thu, 02 Dec 2021 14:18:56 GMT )
Жел 02, 2021 20:18 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар Саддамның қылмыстарына демеушілік жасады

Ислам революциясының жетекшісі Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның Иран халқына қарсы қылмыстарына тоқталып: "Саддам бұл қылмыстарды адам құқығын қорғаушылардың қолдауымен жүзеге асырды",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің 21 қарашада Илам облысының 3 мың шəһидін еске алу конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде жасаған баяндамасы бүгін, бейсенбі осы конгресс өткен жерде жарияланды.Аятолла Хаменеи осы кездесуде шамси жыл санағы бойынша 1365 жылы 23 бахманда футбол алаңын бомбалау салдарынан шəһид болған бірнеше иламдық спортшы мен көрерменді еске алып, Саддамның бұл қылмыстарды адам құқығын қорғаушылардың қолдауымен жүзеге асырғанын айтып: "Жазушылар мен өнерпаздар осы ақиқатты əлемдік деңгейде жариялап, адам құқығын қорғаушымыз деп жалған уəж айтушылардың абыройын төгулері керек",-деді.

Аятолла Хаменеи шəһид пен шəһид болу ұғымын əлемдегі кәдімгі соғыс құрбандарынан бөлек екенін айтып: "Алла жолында шəһид болуға аттанған жауынгер географиялық шекараларды қорғаумен қоса, маңызды рухани шекаралар, яғни идеология, ақлақ, дін, мəдениет жəне болмыс шекараларын қорғайды жəне Жаратушыға берген уəдесін шынайы ұстанып, жанын Құдайға тапсырады",-деді.

Тегтер