Иран армиясының ақпарат өкілі: Натанзда әуе-қорғаныс кешені сынақтан өтті
Жел 06, 2021 01:23 Asia/Almaty
Иран армиясының ақпарат өкілі Натанздағы әуе-қорғаныс кешенінің сынақ ретінде атқанын хабарлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шаһин Тақи Хани: «Натанздағы әуе-қорғаныс кешені сынақ түрінде атылды. Аймақта орналасқан кешендердің жұмысын бақылау үшін жүзеге асырылды»,-деді.
Армия ақпарат өкілі: «Бірнеше сағат бұрын ұрыс алаңындағы дайындықты бақылау мақсатында Натанз аймағындағы бір зымырандық кешен сынақтан өткізілді»,-деді.
Тақи Хани: «Алаңдауға еш негіз жоқ»,-деді.
Жергілікті дереккөзі сенбі күні Натанз ауданында ядролық нысандарға қатысы жоқ шөл далада жарылыс болғанын хабарлап: «Жарылыс ешқандай шығын әкелген жоқ»,-деді.
Тегтер