Иран Әзірбайжан мен Ресейге электр желісін қосуға дайын
Иранның Энергетика министрі: «Иран, Әзірбайжан және Ресейдің электр қуатына қатысты ынтымақтастығы саласында зерттеулер жүргізілді және Иран Әзірбайжан мен Ресейге электр желісін қосу бойынша ынтымақтастықты бастауға дайын»,- деді.
Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабиан Әзірбайжан елшісі Әли Әлизадемен кездесуінде Иранның осы елмен су және энергетика саласындағы қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын екенін қуаттап: «Екі ел арасындағы экономикалық алмасу көлемін арттыру мүмкіндік бар. Біз екі елдің бірлескен техникалық комиссиясын мүмкіндігінше тезірек құруға тырысамыз, бұл комиссия мәселелерді және бірлескен ынтымақтастықты қарау үшін тұрақты негізде өткізілуі керек»,- деді. Әзірбайжанның Ирандағы елшісі Әли Әлизаде де осы кездесуде елінің Иранмен қарым-қатынастарды дамыту шешімін қуаттап: «Біз энергетика саласындағы барлық артта қалған жұмыстардың орынын толтырғымыз келеді»,- деді.