Қалибаф: Иран үкіметі мен парламентінің басымдығы -көршілерімен қарым-қатынасты дамыту
(last modified Fri, 10 Dec 2021 09:22:15 GMT )
Жел 10, 2021 15:22 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран үкіметі мен парламентінің басымдығы -көршілерімен қарым-қатынасты дамыту

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы түрік инвесторлары тобымен және холдингтерінің бас директорларымен кездесуінде ИИР үкіметі мен мәжілісінің басымдылығы көршілермен және исламдық елдермен қарым-қатынастарды дамыту екенін мәлімдеді.

Стамбұлдағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Парламентаралық Одағының отырысы аясында өткен кездесуде Қалибаф: «Екіжақты сауда тек санкциялар жойылғанға дейін ғана емес, сонымен бірге жойылғаннан кейін де жалғасуы керек»,- деді. Отырыстың басында түрік экономикалық холдингтердің бас директорлары мен инвесторлары өз мәселелері мен қиындықтарын, нвестицияны дамыту бойынша ұсыныстарын айтты.