Мәртебелі жетекшінің оқушылардың исламдық қоғамдары бірлестігінің мүшелерін қабылдауында жасаған мәлімдемесі
(last modified Wed, 20 Apr 2016 15:21:33 GMT )
Сәу 20, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің оқушылардың исламдық қоғамдары бірлестігінің мүшелерін қабылдауында жасаған мәлімдемесі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі үстемшіл майданның «жұмсақ күшіне» тосқауыл қою үшін төңкерісшіл және ерік-жігерге ие жастарды тәрбиелеудің қажеттігін қуаттады.

Хазірет аятолла улузма Хаменеи Иран оқушыларының исламдық қоғамдары бірлестігінің мыңдаған мүшесін қабылдауында сөйлеген сөзінде: «Исламдық жүйенің қарсы алдындағы майдан ирандық жастардың діни және революциялық болмысын өзгертуді, оларды үміт, сергектік және түрткіден кенде етуді көздеуде. Оған тосқауыл қоюдың жалғыз жолы діндар, төңкерісшіл, қырағы, ержүрек және жанкешті жастарды «жұмсақ күштің» офицерлері ретінде тәрбиелеу болып табылады» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ислам республикасы жүйесінің АҚШ және сионизмнің жетекшілігіндегі үстемшіл майданмен шайқасуының кейбір алаңдарын атап көрсетіп, ел тәуелсіздігін, соның ішінде саяси, экономикалық және мәдени тәуелсіздікті осы салалардың қатарында атап: «Өйткені алпауыт елдер бөгделердің үстемдігі мен ықпалына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғамақ болған әрбір елмен қарсыласады» деді.

Хазірет ілгерілеушілік тақырыбын исламдық жүйенің үстемшілдер майданымен шайқасуының келесі бір тетігі деп атап: «Әлемдік алпауыт елдер оларға иек артпастан, ілгерілеушілікке қол жеткізуді қалаған әрбір елге қарсы тұрады, өйткені мұндай ілгерілеушілік басқа елдер мен ұлттарға үлгі-өнеге болады» деді.

Хазірет аятолла улузма Хаменеи Батыс Азия мен әлемдегі Иранның айбынды құзырын, Палестина тақырыбын, қарсыласу тақырыбы мен ирандық-исламдық тұрмыс тәсілі тақырыбын үстемшіл майданның исламдық жүйемен келіспеушілігінің келесі тақырыптары деп көрсетіп: «Егер бір елде Батыстың тұрмыс-салты кең тараса, сол қоғамның көрнекті тұлғалары үстемшілдердің саясаттарына бой ұрған адамдарға айналады. Кейбір кездері бізге қарумен соғыс ашумен, бомбалаумен қоқан-лоққы жасайды. Бұлары бос сөздер, өйткені оған батылы бармайды, егер осындай әрекетке барса, соққы жейді. Арада 37 жыл өтсе де үстемшілдер майданы Иран ислам республикасын жоя алған жоқ немесе оның аймақта өсуі мен күшеюіне кедергі бола алмады. Іс жүзіндегі қоқан-лоққылар мен ауқымды насихаттарға қарамастан, бүгінде Ливан Хезболласы ислам әлемінде өзінің айбатын көрсетіп отыр және пасық әрі тәуелді үкіметтің қағаз жүзінде оны айыптауының еш мән-мағынасы жоқ» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сионистік режимнің 33 күндік соғыста Ливан Хезболласынан жеңілуіне сілтеме жасап, осы жеңісті 3 араб елінің мықты армияларының сионистік режимнен жеңілуімен салыстырып: «Хезболла және оның мүмін жастары – ислам әлемінің мақтанышы» деді.