Чабахар порты; азиялық сауданы дамыту
(last modified Wed, 15 Dec 2021 15:21:11 GMT )
Жел 15, 2021 21:21 Asia/Almaty
  • Чабахар порты; азиялық сауданы дамыту

ИИР Өзбекстан үкіметінің Чабахар портының қуатын осы елдегі сауда мен инвестицияны дамыту үшін пайдалану тәсілін құптайды.

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Әли Акбар Сафаи сейсенбі күні ИИР, Үндістан және Өзбекстанның екінші үшжақты отырысында: «Өзбекстан таяу болашақта Үндістан, Иран және Өзбекстан арасында транзитінің біркелкі болуы үшін Чабахар меморандумына қосылады»,- деді. Үндістан ежелден бері Иранмен теңіз ынтымақтастығын дамытуға, әсіресе Чабахар портындағы қоғамдық тауарларды шығаруға атсалысып келеді. Теһран басқа елдердің аймақ елдерімен көпжақты және стратегиялық ынтымақтастықты арттыруды қолдайды.

Жылдамдық, жеңілдік пен қауіпсіздік - сауда мен жүктерді тасымалдаудағы  шешуші үш құрамдас бөлік. Макран және Чабахар жағажайлары қуаттылығы жоғары осы үш құрамдас бөлікке ие маңызды және стратегиялық нүктелердің бірі болып табылады. Чабахар порты - Макран теңізі мен Үнді мұхитының жағасында орналасқан Ирандағы жалғыз мұхит порты.

Үндістанның «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізіне мүше болуына байланысты бұл бағыт Нью-Делиге Тәжікстан мен Түркіменстан және Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдерінің нарықтарына және олардың энергия қорларына, сондай-ақ Түркия, Ресей және ең соңында Солтүстік Еуропаға шығуға мүмкіндік берді. Аймақтың географиясында Орталық Азия мен Кавказ елдерінің ашық су айдындарына транзиттік және сауда қатынасы стратегиялық маңызды болып табылады, оған Иранның коммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл мүмкіндіктер екіжақты және көпжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жақсы мұрмпт туғызды.

Қазіргі уақытта Қытайдың шешуші рөлі бар жаңа Жібек жолына қосымша Еуразия елдері халықаралық солтүстік-оңтүстік халықаралық тасымалдауды күшейту және кеңейту арқылы Оңтүстік Азия елдерін солтүстік және батыс Еуропа елдерімен байланыстыруды көздеп отыр. Чабахар стратегиялық порты біріктірілген бағыттарды пайдаланатын маңызды қуаттылығымен  су, темір жол және жер тауарлық сауданың өсіп келе жатқан қажеттіліктерінің бір бөлігін қанағаттандыра алады. Орталық Азия елдерінің Иранның сауда-экономикалық әлеуетін, әсіресе мұхиттағы және стратегиялық Чабахар портын пайдалануға деген ынтасы зор.

 

Тегтер