Коронавирус: Ирандағы жағдай
Жел 17, 2021 19:29 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні: "Өткен тәулікте елде 46 адам COVID-19-дан көз жұмды",-деп хабарлады.
Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 2196 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 341-і ауруханаға жатқызылды.
59 026227 адамға вакцинаның бірінші дозасы, 50 109890 адамға екінші дозасы, 3 460454 адамға үшінші дозасы салынды.
Елде жалпы егілген вакцина саны 112 596571 дозаға жетті.
Тегтер