Жел 18, 2021 15:25 Asia/Almaty

Иранның каратэден әйелдер ұлттық құрамасы 2021 жылғы каратэден Азия чемпионатына қатысу үшін Алматыдағы «Айсер» қонақүйінде жаттығуын бастады.

Жасөспірімдер, жастар, үміт және ересектер тобындағы 24 ирандық каратэші әйел ката мен кумитэ  екі санатындағы каратэден 2021 жылғы Азия чемпионы атағын жеңіп алуға талпынуда. Иранның каратэден әйелдер ұлттық құрамасы 2018 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен соңғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 2021 жылғы каратэден Азия чемпионаты Қазақстанның Алматы қаласында 18-22 желтоқсан аралығында жасөспірімдер, жастар, үміт және ересектер, ерлер мен әйелдердің барлық топтарында екі ката және кумитэ категория бойынша  29 елдің спортшыларының қатысуымен өтеді.

 

Тегтер