Иранның оңтүстік жағалауында "Ұлық пайғамбар-17" бірлескен әскери жаттығу басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i57606-Иранның_оңтүстік_жағалауында_Ұлық_пайғамбар_17_бірлескен_әскери_жаттығу_басталды
Сақшылар корпусының іс-қимылдар бөлімінің бастығы Парсы шығанағы, Ормуз бұғазы, Хормозган, Бушер мен Хузистан облыстарының жағалауларында "Ұлық пайғамбар(с.ғ.с.)-17" бірлескен әскери жаттығуының басталғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 20, 2021 19:31 Asia/Almaty
  • Иранның оңтүстік жағалауында

Сақшылар корпусының іс-қимылдар бөлімінің бастығы Парсы шығанағы, Ормуз бұғазы, Хормозган, Бушер мен Хузистан облыстарының жағалауларында "Ұлық пайғамбар(с.ғ.с.)-17" бірлескен әскери жаттығуының басталғанын хабарлады.

Әскери жаттығудың баспасөз өкілі сардар Нилфорушан: "Бұл жаттығуда Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты құрлық, теңіз және әуе-ғарыш күштерінің бөлімшелері және "басидж" халықтық құрылымының кейбір бөлімшелері қатысады",-деді.  

Сардар Нилфорушан әскери жаттығуға қатысатын күштер мен бөлімшелердің түрлері мен санына тоқталып: "Бұл жаттығуда алғаш рет жұмсақ, жартылай ауыр және ауыр салаларда бір мезгілде үздіксіз әрі бір-біріне байланысты ерекшеліктерге ие қоқан-лоққылардың түрлі қырларымен күресу тәсілдері пысықталатын болады",-деді.