Иран көгінен ұшатын ұшақтар саны күніне 1800-ге жетті
Иранның әуежайлар және ұшақтар компаниясының атқарушы директоры: "Иран көгінен 132 бағытта ұшатын ұшақтар саны күніне 1800-ге жетті",-деді.
Сиавуш Амир Макри: "Қазіргі таңда Иранның көгінен бір күнде 132 бағытта 1800 ұшақ өткізе аламыз. Еуропа елдерінің ұшақтары үшін Иран көгі Азияның шығысына өтуге қолайлы. Тек транзит құны шетелдік әуе компанияларға тиімді болуы тиіс",-деді.
Иранның әуежайлар және ұшақтар компаниясының атқарушы директоры: "Ұшақтың салмағы, бағыттың ұзақтығы және доллардың тұрақты коэфициентінен тұратын формуланы назарға ала отырып, транзит құны анықталады. Шетелдік әуе компанияларға басқа елдерге қарағанда Иран көгінен өту тиімдірек екенін айтып, бағыттар қысқаратынын көрсетіп, жеңілдік беруді де қарастыру керек",-деді.