Хұсейн Амир Абдоллахиан ИИР-ның Йемендегі елшісінің шәһид болуына байланысты көңіл айтты
Жел 21, 2021 17:26 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі өз жолдауында Иранның Йемендегі елшісінің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.
Хусейн Амир-Абдоллахиан өз жолдауында: «Шәһид Хасан Ирлу қасиетті қорғаныс соғысының химиялық шабуылдан зардап көрген ардагері ретінде өзінің берекелі өмірін исламдық жүйені сақтау және ілгерілету жолында өткізді және осылайша ел мүддесі үшін мақтанышпен күресті»,- деп жазды. Химиялық шабуылдан зардап шеккен Ирлу өз міндетін атқарып жүрген жерде коронавирус індетін жұқтырып, кейбір елдердің кеш ынтымақтастығынан елге қолайсыз жағдайда оралып, емдеу шараларын қолданса да, бүгін, сейсенбі күні қайтыс болды.
Тегтер