Генерал-майор Салами: «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)-17» жаттығулары Сақшылар корпусының қорғаныс күшінің дамуын көрсетті
(last modified Wed, 22 Dec 2021 10:20:28 GMT )
Жел 22, 2021 16:20 Asia/Almaty

Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы: «Ұлы Пайғамбар (с.ғ.с.)-17» жаттығуларындағы Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің әрекеті қорғаныс қуатының алға күш-қуатын көрсетеді»,- деп қуаттады.

 

Генерал-майор Хұсейн Салами Парсы шығанағы жағалауы мен Иранның оңтүстігіндегі аймағында өтіп жатқан «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)-17» бірлескен жаттығуының екінші күнінде: «Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің күш-жігері мен әрекетінің шыңы жүйелердің сапасы, тиімділігі және дәлдігі болды. Әскери-теңіз күштерінің ұшқышсыз ұшақтары әртүрлі қашықтықтан нысанаға дәл соққы берді. Баллистикалық зымырандар жаңа күш құбылыстары ретінде және қанатты зымырандар әртүрлі қашықтықтан және әртүрлі жағдайларда 100 пайыз дәлдікпен алдын ала белгіленген нысанаға дәл тиді»,- деп мәлімдеді.

Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы нысанаға дәл тигізу, әртүрлі диапазондағы икемділік және тұрақты немесе қозғалатын нысанаға қарсы бір уақытта әрекет ету мүмкіндігін «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)-17» жаттығуының осы кезеңінің көрнекті ерекшеліктері ретінде атады.

Тегтер