Амир Абдуллахиан: Иран мен Әзірбайжанның қарым-қатынасын дамыту үшін айқын жол картамыз бар
Иран Сыртқы істер министрі: «Иран мен Әзірбайжанның қарым-қатынасын дамытуға бағытталған айқын жол картамыз бар»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Бакуге біркүндік сапарының соңында Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен ортақ баспасөз отырысында: «Екі ел басшыларының ерік-жігері аясында екі халықтың мүддесіне сай мықты да нәтижелі қадамдар жасайтын боламыз»,-деді.
Амир Абдуллахиан: «Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының отырысы аясында Иран мен Әзірбайжанның басшылары арасында маңызды кездесу өтті. Бұл кездесу екі елдің қарым-қатынасында бетбұрыс нүктесі саналады»,-деді.
Байрамов Иран, Әзірбайжан және Грузия территориясы арқылы Парсы шығанағы – Қара теңіз дәлізін іске қосуды екі ел арасындағы маңызды экономикалық жобалардың бірі деп атады.