Хатибзаде: Сардар Солейманиге террор жасау – мемлекеттік терроризмнің бір үлгісі
(last modified Mon, 27 Dec 2021 15:10:24 GMT )
Жел 27, 2021 21:10 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Сардар Солейманиге террор жасау – мемлекеттік терроризмнің бір үлгісі

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Сардар Солейманиге жасаған террорын лаңкестік шабуыл және мемлекеттік терроризмнің үлгісі деп атап, оның АҚШ үкіметі мен Трамп тарапынан жобаланып, орындалғанын айтты.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында сардар Солейманидің шәһид болғанына бір жыл толатынына тоқталып: "АҚШ үкіметі халықаралық қауымдастық алдында осы шабуылға жауапты. Иран осы лаңкестік шабуылдың себепкерлері, бұйрық берушілері, кеңесшілері мен орындаушыларын соттамайынша тоқтамайды",-деді.   

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы бүгін Вена келіссөздерінің жаңа кезеңінің басталғанына тоқталып, кейбір еуропалық елдердің деструктикті рөлін атап өтіп: "Вена келіссөздерінде әрдайым алға жылжуға күш салып келеміз",-деді.