Соңғы айларда Иранда мұнай және мұнайдан тыс табыстар артты
(last modified Mon, 27 Dec 2021 15:34:49 GMT )
Жел 27, 2021 21:34 Asia/Almaty
  • Соңғы айларда Иранда мұнай және мұнайдан тыс табыстар артты

Иран Орталық банкінің басшысы соңғы айларда елдің мұнай және мұнайдан тыс өнімдерден түсетін табысы артқанын хабарлады.

Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Иран үкіметінің экономикалық үйлестіру штабы жексенбі күні кешке мемлекет басшысының төрағалығымен  жиналыс өткізді. Орталық банкі басшысының есебіне сәйкес, өткен 9 айда нарыққа 40 млрд доллар шығарылды. Ал өткен жылы бұл сома жалпы 36 млрд 500 млн долларды құраған болатын.

Сондай-ақ жиналыста Иранның статистикалық орталығы инфляция көрсеткіші жайында: "Соңғы айларда инфляцияның айлық көрсеткіші бәсеңдеп, 1,7 пайызға азайды",-деп мәлімдеді.