Қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының шәһид болғанына екі жыл толды
Қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының шәһид болғанына екі жыл толуы және 9 дей оқиғасын ұлықтау рәсімі Теһран облысындағы Рей қаласының хазірет Абдулазим Хасани кесене-кешенінде өтті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф бейсенбі күні осы рәсімде: «Қажы Қасым Солейманидің жоқтығы бұл күндері қарсыласу майданында қатты сезіледі»,-деді.
Қалибаф Батыс елдері адам құқығын қорғау туралы айтқанымен, Қажы Қасым Солейманиге қарсы қылмыс жасағанын айтып: «АҚШ өз мақсатына жету үшін сардар Солейманиді шәһид етті, бірақ оның өлімі АҚШ-тың аймақтан шығуына себеп болды»,-деді.
Ол 9 дейді қырағылық пен көрегендік күні деп атап, халықтың бұл кезде өз сеніміне аса зор табандылық танытқанын айтып: «9 дей – ержүректік пен батылдықты еске салатын күн»,-деді.