Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатиманы аза тұту рәсімі өтеді
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі: "Имам Хомейни (р.) кесене-кешеніндегі хұсейниеде хазірет Фатиманы аза тұту рәсімдері жамағаттың қатысуынсыз өтеді",-деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің мәлімдемесінде: "Хазірет Фатима-Заһраның шәһид болған күніне орай көңіл айта отырып, биыл індеттің таралуына байланысты карантин ережелерін сақтау үшін Имам Хомейни (р.) кесене-кешеніндегі аза тұту рәсімдері жамағаттың қатысуынсыз, тек бір баяндамашы мен бір жоқтаушының қатысуымен дүйсенбі күні, 3 қаңтарда ақшам намазынан кейін басталып, жұма 7 қаңтарға дейін жалғасады",-делінген.
Бейсенбі, 2022 жыл 6 қаңтарда, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1443 жыл джамади-ус-сани айының 3 жұлдызында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы әрі мүміндердің әмірі, әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли бен Абиталебтің (ғ.) жұбайы хазірет Фатима-Заһраның шәһид болған күнінің жылдығы болады.