Қаң 02, 2022 17:10 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Дұшпанның қазіргі соғысы ұлттың өз-өзіне сенімін жойып, жеңілгенін сездіруге бағытталған",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами бүгін, жексенбі күні "Нұра" вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің үшінші фазасының басталу рәсімінде: "Қазіргі соғыс ұлттың өз-өзіне сенімін жойып, үміттен айыруға бағытталған. Сөйтіп, өзіміздің ішкі әлеуетімізге назар аудармай, Батыс әлемін жоғары санауға итермелеуді көздейді",-деді.

Сардар Салами: "Бізде тәуелсіз болудан басқа амал жоқ",-деді.

"Нұра" ирандық вакцинасы Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысына салынғаннан кейін клиникалық сынақтың үшінші фазасына қадам басты.

"Нұра" вакцинасы рекомбинанты ақуыз түрінен тұрады. Оны көптеп шығару үшін өндірістік желі іске қосылатын болады.

Тегтер