Арабстанның қырғи ұшақтары Санадағы Иран елшілігінің аумағына тағы да шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i58
Сауд режимінің қырғи ұшақтары басқыншылық әрекеттерінің жалғасында Йемен астанасындағы Иран елшілігінің маңына тағы да зымыран атып, елшіліктің ғимаратына шығын келтірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2016 14:12 Asia/Almaty
  • Арабстанның қырғи ұшақтары Санадағы Иран елшілігінің аумағына тағы да шабуыл жасады

Сауд режимінің қырғи ұшақтары басқыншылық әрекеттерінің жалғасында Йемен астанасындағы Иран елшілігінің маңына тағы да зымыран атып, елшіліктің ғимаратына шығын келтірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, саудиялық қырғи ұшақтар сәрсенбі күні Иранның Санадағы елшілігінің аумағын нысанаға алған. Иран елшілігінің маңында зымыранның атылуы салдарынан елшілік ғимаратының қабырғалары қиратылған.

Осы мәліметке сәйкес, саудиялық қырғи ұшақтың атқан зымыранының жарышақтары Иранның Санадағы елшілігінің ауласына қарай ұшқан.

Сауд режимі бұдан бұрын да Йемендегі Иранның елшілігіне зымыран атқан. Зымыранның жарышақтары салдарынан елшілік ғимаратына шығын келтіріліп, Санадағы Иран елшілігінің күзет күштері де жараланған болатын.