Ислам революциясының жетекшісі 19 дей көтерілістің жылдығына орай ертең сөз сөйлейді
Ислам революциясының жетекшісі 19 дей күні Құм халқының залым режимге қарсы көтерілісінің жылдығына орай теледидар арқылы сөз сөйлейді.
Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің ақпараттық базасының мәліметі бойынша, Ислам революциясы жетекшісі 19 дей көтерілісі жылдығында жыл сайын Құм қаласында мыңдаған адамның алдында сөйлейтін сөзін биыл да коронавирус пандемиясының жалғасуына байланысты халықтың қатысуынсыз теледидардан сөйлейді.
1356 жылдың 19 дей күні (1978 ж. 9 қаңтар) Құм қаласының халқы, діни оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері Пехлеви режимінің ИИР негізін қалаушы имам Хомейниге қорлық жасағаны үшін наразылық білдірді, бірақ Пехлеви режимінің қауіпсідік күштері көптеген наразыларды қырып салды.