Раиси ертең Ресейге аттанады
Қаң 18, 2022 18:28 Asia/Almaty
ИИР Президенті екі елдің экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын кеңейту мақсатында ертең, сәрсенбі күні ресейлік әріптесінің ресми шақыруымен Мәскеуге аттанады.
IRNA агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, ИИР Президенті Ибрахим Раиси Мәскеуге сапары барысында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Думаның жалпы отырысына қатысу және сөз сөйлеу, Ресейде тұратын ирандықтармен және ресейлік экономикалық белсенділермен кездесу Иран Президентінің екі күндік сапарының басқа бағдарламаларынан болып табылады. Ресейге Раисимен бірге Иранның Сыртқы істер министрі, Мұнай министрі, Экономика және қаржы министрі аттанады.
Тегтер