Иран армиясы Әскери-теңіз күштері қолбасшысы «Теңіз қауіпсіздігі – 2022» біріккен жаттығуларын оң бағалады
https://itolqyn.com/news/iran-i58440-Иран_армиясы_Әскери_теңіз_күштері_қолбасшысы_Теңіз_қауіпсіздігі_2022_біріккен_жаттығуларын_оң_бағалады
ИИР Армиясы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы 2022 теңіз қауіпсіздігі біріккен оқу-жаттығуының барлық мақсаттарына жеткенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 22, 2022 17:13 Asia/Almaty
  • Иран армиясы Әскери-теңіз күштері қолбасшысы «Теңіз қауіпсіздігі – 2022» біріккен жаттығуларын оң бағалады

ИИР Армиясы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы 2022 теңіз қауіпсіздігі біріккен оқу-жаттығуының барлық мақсаттарына жеткенін қуаттады.

Адмирал Шахрам Ирани Солтүстік Үнді мұхиты аймағында Иран, Ресей және Қытайдың қатысуымен өткен «Теңіз қауіпсіздік белдеуі – 2022» бірлескен жаттығуларының соңында Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Қатысқан күштер үшін жоспарланған жаттығулар сәтті өтті. Иран Әскери-теңіз күштері мен Революция Сақшыларының ең маңызды мақсаты теңіз деңгейінде уақытында, тіпті ең жоғары дайындық деңгейінде болу болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді»,- деді.