Ирандық зерттеушілер экологиялық таза несепнәр тыңайтқышын өндіруде жетістікке жетті
Ирандық зерттеушілер әлемде алғаш рет механикалық беріктік пен антикейкке қарсы қасиетке ие экологиялық таза несепнәр тыңайтқышын өндірді.
Иранның "Пардис" мұнай-химия компаниясының директоры Моджтаба Ғұламиан: "Әлемде алғаш рет механикалық беріктік пен антикейкке қарсы қасиетке ие экологиялық таза несепнәр тыңайтқышы (Anti-cake, Slow-release, Environment-friendly, Eco-friendly) өндірілді. Бұл жетістік сатудан түсетін пайданы арттырумен қоса, өнім сапасының стандарттарын көтеріп, бәсекелестіктің артықшылығын жоғарылатуға себеп болады",-деді.
Несепнәр тыңайтқышы Иран мен әлемдегі біржылдық өсімдіктерді, соның ішінде жүгері, бидай, арпа, күнбағыс, рапс, мақсары, қант қызылшасы, қант қамысы мен басқа да біржылдық дақылдарды қажетті азотпен қамтамасыз ету үшін қолданылады.