Исламдық Иранның барлық мектептерінде «Революция қоңырауы» соғылды
(last modified Tue, 01 Feb 2022 12:08:00 GMT )
Ақп 01, 2022 18:08 Asia/Almaty
  • Исламдық Иранның барлық мектептерінде «Революция қоңырауы» соғылды

Бүгін, сейсенбі күні елдің түкпір-түкпіріндегі мектептерде «Фаджр» онкүндігінің басталуы мен Иран Ислам революциясының жеңісінің қырық үш жылдығына орай «Революция қоңырауы» соғылды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл рәсім имам Хомейнидің Иранға оралған тарихи күні және «Фаджр» онкүндігінің бірінші күнімен тұспа-тұс өтті. Бүгін исламдық Иранда «Фаджр» онкүндігінің басталуына байланысты басқа да рәсімдер, соның ішінде имам Хомейнидің «Мехрабад» әуежайынан Беһешт-е Заһра зиратына барған жолына гүл шашылды және имам Хомейнидің қасиетті кесенесінің алдында Қарулы күштерге қарасты мотоциклшілердің арнайы шеруі өтті.

Бүгін, сейсенбі, хиджра күнтізбесінің 1400 жылы баһман айының 12 күні, сәйкесінше 2022 жыл 1 ақпан – Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің басталған күні.

Тегтер