Имам Хомейнидің Иранға оралған күні елдің айлақтарында кеме гудогі естілді
(last modified Tue, 01 Feb 2022 13:05:06 GMT )
Ақп 01, 2022 19:05 Asia/Almaty

Имам Хомейнидің Иранға тарихи қайтып оралған күнімен бір мезгілде Иранның Хормозган облысындағы ең ірі Шахид Раджаи сауда портында кемелердің гудогі естілді.

Iran Press-тің хабарлауынша, Ислам революциясы жеңісінің «Фаджр» онкүндігінің басталуы мен имам Хомейнидің Иранға келуінің жылдығына орай елдің түкпір-түкпірінде арнайы мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады. Олардың бірі – Парсы шығанағындағы кемелердің гудогін соғу. Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің елге оралған күні Шахид Раджаи стратегиялық портындағы кемелердің гудогімен бір мезгілде  Иранның Абу Мұса аралының портындағы  кемелердің де дыбысы   естілді.  

Парсы шығанағындағы үш арал – Абу Мұса, Кіші Тонб және Үлкен Тонб аралдары әрқашан ИИР-ның ажырамас бөлігі ретінде стратегиялық аймақтар болып саналады.