Коронавирус: Ирандағы жағдай
(last modified Tue, 01 Feb 2022 15:00:00 GMT )
Ақп 01, 2022 21:00 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, сейсенбі күні коронавирустың салдарынан 50 адамның қайтыс болып, жалпы өлім саны 132 504-ке жеткенін хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 35070 адамнан COVID-19 анықталды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6408244 адамға жетті. Осы күнге дейін елде 6110615 науқас жазылып, ауруханалардан шықты. Коронавирустың   осы уақытқа дейін альфа, бета, гамма және дельта  сияқты қоса алғанда төрт қауіпті генетикалық мутациясы болды. Омикрон - вирустың соңғы мутацияланған нұсқасы.