Биотехнология секторындағы Иранның фармацевтикалық экспорты
Иранның медицина саласындағы экспортының 60 пайызы биотехнология саласындағы іргелі ғылымға негізделген компаниялармен байланысты.
Иранның Биотехнологияларды дамыту штабының хатшысы Мұстафа Қанеи обыр мен гемофилияға қарсы препараттар мен коронавирусқа қарсы ең қымбат дәрілердің биотехнология саласына қатысты екеніне тоқталып: «Иран басшыларының биотехнология саласындағы іргелі ғылымға негізделген компанияларды қолдауының арқасында қазір дәрі-дәрмек импорты үшін 1 миллиард 800 миллион доллардың сыртқа кетуіне тосқауыл қойылды. Биотехнологияның тек медицинаға қатысты екенін ескерсек, Азияда үшінші орында тұрмыз»,-деп мәлімдеді.
Иранның Биотехнологияларды дамыту штабының хатшысы биотехнология бөлімінің елдің медицина саласындағы қауіпсіздігіне кепілдік бергеніне тоқталып: «Коронавирусты анықтайтын диагностикалық жинағын үш айда жасадық және пневмонияны азайту саласында дәрі шығару саласында АҚШ-тан кейінгі екінші елміз»,-деді.