Аятолла Сафи Голпайеганидің денесі Наджаф қаласына жеткізілді
Аятолла Сафи Голпайеганидің денесі Наджаф қаласына жеткізілгеннен кейін имам Әли (ғ.) кесенесінің жанындағы шейх Туси мешітінде қоштасу рәсімі өтті.
Құмдағы діни үлгілердің бірі аятолла Лотфолла Сафи Голпайегани дүйсенбі күні кешке дүниеден өтті.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні шейх Лотфолла Сафи Голпайеганидің қайтыс болғанына орай көңіл айтып: "Ол Құмдағы діни орталықтың тіректерінің бірі және көрнекті әрі тәжірибелі ғұламаларының бірі болды",-деді.
Бүгін, бейсенбі имам Әли (ғ.) кесенесінде аятолла Сафи Голпайеганимен қоштасу рәсім өтті.
Аятолла Голпайеганидің денесі Наджафтан кейін Кербаладағы Бейн-ул-Харамейнге жеткізіліп, Сейед-уш-Шохада ауласында жерленеді.