Иран Пастер институтының президенті: PastoCoVac вакцинасы Омикронға қарсы 100 пайыз иммунитет береді
Ақп 05, 2022 17:10 Asia/Almaty
Иранның Пастур институтының басшысы PastoCoVac вакцинасының Omicron штамына қарсы 100 пайыз иммунитетті қамтамасыз ететінін және оның ересектер мен балалардың қолдануына рұқсат етілген мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Пастур институтының басшысы "Алиреза Биглари" бүгін, сенбі күні "PastoCoVac - коронаға қарсы ең қауіпсіз вакцина. PastoCoVac Кубада «бета» және Иранда «дельта» штамына қарсы сыналды және 96% иммуногенділікке ие болды",- деді.
Иранда PastoCoVac вакцинасының өндіріс қуатының қазір айына бес миллион доза екенін айтқан Биглари: «Бұл вакцинаның балаларға екі дозасын егу жеткілікті, ал ересектерде үш дозаны да қолдану керек»,- деп сөзін жалғады.
Тегтер