Ақп 07, 2022 19:52 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы еуропалықтардың америкалықтардың əрекетсіздігі мен өз міндеттемелерін орындамауына қарсылық білдіруі тиістігін айтып: "Иран америкалықтардың қатынасының іс жүзінде өзгеруін қалайды",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде жексенбі күні апталық баспасөз отырысында Вена келіссөздерінің сегізінші кезеңінің ертең басталатынын айтып: "Иран келісімгер делегациялар, соның ішінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді орындап, санкцияларды жою үшін анық күн тәртібімінен келетініне үміттенеді",-деді.Хатибзаде: "АҚШ басшылары қате əрі бүлдіргі шешімдер, соның ішінде  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанының шығындарын Иран халқының қалтасынан ала алмайтынын білуі тиіс. Олар Иран халқының сеніміне ие болып, барған жолынан қайтуы керек",-деді.Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режим Премьер-министрінің Венада келісімге келу туралы сөздеріне реакциясында сионистердің бүкіл аймақта террор мен қантөгістің себебі екенін айтып: "Аймақтағы біздің достарымыз осы жалған режимнің қастандықтарына қырағылықпен қарайды",-деді.

Тегтер