Ислам революциясы жетекшісі бірқатар сотталғандарға кешірім жасауға немесе жазасын жеңілдетуге келісті
(last modified Fri, 11 Feb 2022 10:00:48 GMT )
Ақп 11, 2022 16:00 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі бірқатар сотталғандарға кешірім жасауға немесе жазасын жеңілдетуге келісті

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Мемлекеттік жаза қолдану жөніндегі ұйым мен Иран Қарулы күштері Сотының қоғамдық және революциялық заң бұзушылыққа қатысты 3388 сотталған адамды кешіру немесе жазасын жеңілдету ұсынысқа келісім берді.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Сот органының басшысы Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи Ислам революциясы жеңісінің 43 жылдығына орай Ислам революциясының жетекшісіне жазған хатында осы органның кешірім департаментінде  шартқа сай деп табылған 3388 сотталған адамның жазасын кешіру, жеңілдету немесе алмастыруға ұсыныс жасады. Конституцияның 110 бабының 11 тармағын орындауға бағытталған бұл ұсынысты хазірет аятолла Хаменеи мақұлдады.

Тегтер