Қазақстан Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианды құттықтады
Қазақстан Сыртқы істер министрі ИИР Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианға хат жолдап, оны Иран Ислам революциясының жеңісінің жылдығымен құттықтады.
Иран Телерадио бірлестігі Әлемдік қызметі қазақ тіліндегі радионың мәліметінше, Мұхтар Тілеуберді: «Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығайып, екі ел арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген ынтымақтастық халқымыздың игілігі үшін одан әрі дами беретініне сенімдімін»,- деді. Бұл жолдауда Қазақстан Сыртқы істер министрі екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында Иран Сыртқы істер министрімен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.
Швейцария, Ресей, Қытай, Жапония, Польша, Түркия, Пәкістан, Румыния, Эстония, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Солтүстік Корея және Сирия сыртқы істер министрлері Иран сыртқы істер министріне жеке жолдаударында Ислам революциясының жеңіске жеткен күні және ИИР Ұлттық күнімен құттықтады.