Пезешкиан: Бейбітшілік туралы жар салатындар жазықсыз адамдарды бомбалар мен зымырандармен көміп жатыр
ParsToday - Иран президенті әлемдегі гуманитарлық апаттарға тоқталып: «Адам құқықтарын қорғаймыз деген елдер жазықсыз адамдардың азап шегуіне көз жұмып отыр» деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан дүйсенбі күні Теһран «Қызыл Жарты ай - үміт пен жанқиярлық қызметтің символы» атымен өткен Қызыл Жарты ай апталығы рәсімінде былай деді: « Біз өмір сүріп жатқан әлемде адам құқығын талап етіп, өркениет пен даму туралы сөз қозғайтын елдердің құрал-саймандарымен, қару-жарақтарымен, бомбаларымен, зымырандарымен бейкүнә адамдарды үйілген топырақтың астына көміп, сосын адамдық, адам құқығы, бейбітшілік, бостандық туралы сөз қозғауы сұмдық».
Ол сөзін былай деп жалғастырды: «Бұл апат. Мен түсінбеймін, біз өмір сүріп жатқан әлемде әдемі жүздері мен киімдерімен адамдық туралы айтатындардың ішінде шынымен қандай жануар өмір сүреді?»
Пезешкиан: «Әйелдердің, балалардың, қарттардың, бейкүнә адамдардың оңай бомбалануын қалай қабылдауға болады? Онда қамалғандарға су, тамақ, дәрі-дәрмек жеткізу оңай емес»,- деді.
Ол: «Әлем мұны көреді, бірақ үндемейді. Мұны сол БҰҰ көріп отыр, адам құқығымыз деп жүрген ұйымдар мұны көреді, бірақ олар әлі де мұндай қылмыскерді қорғайды», - деп баса айтты.
Иран Президенті сөзін жалғастырып: «Бұл бізде бар проблема. [Қылмыскерлер] мінбенің артында тұрғанда демократия, бостандық, бейбітшілік, қауіпсіздік туралы айтады, бірақ далаға шыққанда олар әлемдегі ең жауыз хайуаннан да жауыз болады, мұны өз көзімізбен көріп отырмыз. Сосын істеген істерін басқаларға жатқызады»,- деді.
Пезешкиан: «Кімнің мінезі қандай, кім екені әлемге түсінікті. Кім адамзатқа көмекке келіп, кімнің зымыранмен, бомбамен, ғылымнан алған құрал-сайманымен адамзатты жойып жатқаны анық»,- деп қосты.