Ислам революциясы - үстемшілер үшін қорқынышты түс және бостандық сүйгіш халықтар үшін пана болды
(last modified Fri, 11 Feb 2022 13:26:53 GMT )
Ақп 11, 2022 19:26 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы - үстемшілер үшін қорқынышты түс және бостандық сүйгіш халықтар үшін пана болды

Теһран жұма намазының имамы: «Ислам революциясы мазлұмдардың үміті және әлемнің азаттық сүйгіш халықтарының тірегі болды және әлемдегі руханиятты өркендетті»,- деді.

Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад Хадж Әли Акбари уағыздарында: «Иран Ислам революциясы – бүгінгі тарихтың бетбұрыс кезеңінде тұрған тарихи революция»,- деп қосты. Теһран жұма намазының имамы 22 баһман, яғни Ислам революциясының жеңіске жеткен күнінің Иран халқын тура жолға салғанын айтып: «Иран Ислам революциясы мазлұмдардың үміті және дүниенің бостандық сүйгіш халықтарының қолдауы болды. Дүниедегі руханиятты гүлдендіріп, күйзеліске ұшыраған халықтарға үміт пен үстемшілер үшін қорқынышты түс болды, болашақта да солай болады. Ислам революциясының Самұрығы сабыр мен шүкіршілік сынды екі қанатымен Құтқарушы (ғ.с.) келген кезеңде бақыт шыңына және Иран халқы өзінің барлық арман-мақсаттары мен мұраттарына жетеді.

 

 

Тегтер